Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2025 жылғы 15 қазанындағы №68 бұйрығына сәйкес, Қасымова Ботакөз Асхатқызы “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аманжол Асқарұлы орталық мамандарына таныстырып, ауданда Жастар саясатын дамытуда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, жаңа лауазымдағы қызметін абыроймен атқаратындығына сенім білдірді.
Қасымова Ботакөз Асхатқызы 1995 жылдың 21 қаңтарында Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген.
2014 жылы Көпсалалы “Болашақ” колледжінде “Заңгер” мамандығы бойынша орта білім, 2017 жылы БАТЫС Қазақстан инновациялық және телекоммункациялық жүйелер университетінде “Құқықтану” мамандығы бойынша жоғары білім тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы сәуір айында Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында іс қағаздарын жүргізуші маман болып бастаған.
2017 жылдың қыркүйек айында Қызылқоға аудандық Жастар ресурстық орталығына жастар жетекшісі, 2019 жылдың қараша айынан бастап Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту орталығында ассистент қызметін атқарған.
2020 жылдың қазан айынан бастап Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында қоғамдық қызметкер, 2021 жылдың ақпан айында Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман лауазымына тағайындалды.
2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың 2025 қазанына дейін “Мақат тынысы” аудандық қоғамдық-саяси газетінде I санатты тілші қызметін атқарып келді.
Бүгінде өзінің жинақтаған тәжірбиесі мен біліктілігін жастар саясатын дамытуға бағыттауға ниетті.