Бүгін әлеуметтік кеңсе ғимаратында аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленум отырысы өтті.
Алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова, бірқатар мекеме басшылары мен мамандары, ардагерлер кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
Пленум отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында талқылау жұмыстары жүргізілді.
Алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы баяндама жасап, Жолдауда көрсетілген жеті негізгі бағыт бойынша ауданда жүзеге асырылуы тиіс міндеттер мен нақты іс-шараларға кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ жиын барысында дербес бөлім басшылары, мәслихат депутаттары мен ардагерлер Жолдау аясында пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ардагерлер Атырау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының арнайы төсбелгілері және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Г.Жұбанышқалиева