Жас суретшілердің жеңісі

Жас суретшілердің жеңісі
(0 Votes)

Атырау қаласында Абай атындағы оқушылар шығармашылық орталығында облыстық «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілер арасында байқау өтті.

Облыстық Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау - білім алушыларлың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыруды мақсат етті.

Аталмыш байқауға 12-14 және 15-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Олар өз жұмыстарын «Қазақстан бояулары: Менің шаңырағым – Қазақстан Республикасы», «Тірі ғаламшар», «Бейбітшілік пен мейірімділік біздің қолымызда» атты үш номинация бойынша ұсынды.

Ауданымыздан бұл байқауға Мақат балалар өнер мектебінен және Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінен барлығы 6 оқушы қатысты. Олардың арасынан Р.Ғабдиев атындағы Доссор өнер мектебінің оқушысы Малика Қуанышбекқызы І орынды жеңіп алса, Ақжан Мұғаден мен Мақат балалар өнер мектебінің оқушысы Айым Мұхамбет ІІІ орынға ие болды.

Сонымен қатар, Мақат балалар өнер мектебінің оқушылары Аружан Сайын мен Дария Тасболат, Р.Ғабдиев атындағы Доссор өнер мектебінен Алтынбек Өтепқали арнайы алғыс хатпен марапатталды.

 

Ж.Гүлдана

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT