АУДАНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

(0 Votes)

 Бүгін Доссор мәдениет үйінде Конституция күнінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Азамат Мәмбетов Конституция – еліміздің дамуы мен гүлденуінің мызғымас негізі екендігін айтып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Әрі қарай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген әр саланың қызметкерлерін облыс, аудан әкімі және облыстық мәслихат төрағасының алғыс хатымен марапаттады.

Шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің бас маманы Жансәуле Әзірқалиқызы мен аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығының бас маманы Нұртілек Аралбекұлы сахна төріне шақырылып, мемлекеттік қызметте адал қызмет етуге ант қабылдады.

Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT