ОЙЫН АЛАҢЫ - БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

ОЙЫН АЛАҢЫ - БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ
(0 Votes)

Конституция күні қарсаңында Мақат кентінің С.Әлиев көшесінде балаларға арналған жаңа ойын алаңы салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, тұрғындарды ойын алаңының ашылуымен құттықтады.

 «Заманауи үлгіде жабдықталған ойын және спорттық алаң – балалардың қауіпсіз демалысына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жасалған нақты қадам. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады», – деді аудан әкімі.

 Салтанатты шарада сөз алған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов бұл алаңның ашылуы - балалардың бақытты балалық шағына қосылған үлес екенін айтып, тұрғындарға тілегін жеткізді.

 Әрі қарай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов пен қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов салтанатты түрде ойын алаңының лентасын қиды.

 

Ә.ҚАСЫМ

Суретті түсірген: Б.СЕРІК

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT