Жақында Атырау қаласындағы «AiromArena» спорт кешенінде 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы баскетболдан облыстың үздік ойыншыларын іріктеу ойыны өтті.
Аталған іріктеу ойынына Доссор кентіндегі Б.Қанатбаев орта мектебінің оқушылары Жанэль Хаиржан, Асылай Жалғасқали және Дария Сейтқали қатысып, облыс бойынша топ 10 үздік ойыншылар қатарына енді.
Бүгінде жас спортшылар облыстық «Барсы Атырау» командасымен бірге дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Осы ретте спортшылардың жаттықтырушысы Ербол Китенбаев шәкірттерінен зор үміт күтетінін жеткізді.
«Ағымдағы жылдың 10-16 шілде аралығында мектебіміздің баскетбол спорттық ойыны бойынша оқушылар құрамасы аталған іріктеуге қатысып келген болатын. Шәкірттерім өте жоғары деңгейде дайындықты көрсетіп, облыс бойынша үздік 10 ойыншының қатарына енді. Осы ретте айта кету керек, шәкіртім Дария Сейтқали баскетбол ойыны бойынша аудандағы алғашқы спорт шеберлігіне үміткер спортшы. Бүгінде шкәірттеріме облыстық «БарсыАтырау» командасынан ұсыныс түсуде. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Қазіргі таңда шәкірттерім республикалық жарыстарға дайындалуда. Биік шыңдарды бағындыратындарына сенемін»,- дейді спортшылардың жаттықтырушысы.
Ботакөз Асхатқызы