“Жер-2025”: Тәртіп пен дайындық басты назарда

суреттер автордікі
(0 Votes)

Бүгін ауданда “Жер-2025” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жиыны өтті. 

Алдымен Мақат кентіндегі Саламат Мұқашев көшесі 80/2 үй артындағы алаңда төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дағдыларын пысықтау, саптық тәртіпті қадағалау мақсатында саптық түзеу ұйымдастырылды.

Саптық түзеу барысында аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин алдымен ауданның азаматтық қорғау қызметкерлері мен кент, ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға арналған күштер мен құралдарының жай-күйін және жедел әрекет ету жасағының әзірлігін бақылады.

Жиын одан әрі Мұса Баймұханов атындағы орта мектебінде жалғасып, онда төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды эвакуациялау шараларының дайындығы тексерілді. Айта кетейік, аталған оқу-жаттығуға 23 мекеме, 90 қызметкер, 14 техника жұмылдырылды.

Ботакөз Асхатқызы

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT