Спортшыларға құрмет көрсетілді

(0 Votes)

Кеше аудан әкімі Азамат Мәмбетов ағымдағы жылдың маусым айында өткен футзалдан Қазақстан Республикасының біріншілігінде жүлдегер атанған Ерасыл Шарапиденов, Сауран Сағытжанов және Расул Ерболұлын марапаттады. 

Шара барысында аудан әкімі аудан намысын асқақтатып жүрген спортшыларды айтулы жеңістерімен құттықтап, алға қарай бұдан да зор жетістіктерге жетулерін тіледі.

Одан әрі бүгінгі таңда ауданның спорт саласы көптеген жетістіктерге жетіп жүргенін айта өтіп, байрақты бәсекеде топ жарған спортшыларға демеушілік арқылы тұлпар мінгізіп, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, шәкірт тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін спортшылардың бапкерлеріне қаржылай сертификат табыс етті.

Б.Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT