«Жас ұландықтарға» сенім артты

(0 Votes)

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2011 жылғы 6 шілдеде балалар мен жасөспірімдердің біріңғай «Жас ұлан» ұйымы құрылған болатын.

Бұл ұйым екі буыннан тұрады: «Жас қыран» және «Жас Ұлан» ұйымы. Айта кетерлігі, ұйымға тек білімді, талантты, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушылар ғана мүше бола алады. Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде шара ұйымдастырылды.

Мектебімізде жақсы оқитын, талантты, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын 20 оқушы Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» жасөспірімдер ұйымына мүше боп қабылданды.

Жиынға ауыл ақсақалдары шақырып, ұйымға қабылданған оқушыларға галстук пен омырауларына төс белгілерін тағып, ақ баталарын берді. Мектеп директоры Б.Тиышбаева оқушыларға егеменді еліміздің адал да абыройлы азаматтары болуларына тілегін білдіре отырып, зор сенім артты. Ұйымға қабылданған «Жас Ұландықтар» жиналғандар алдында, ант қабылдап, «Жас Ұландар» әнұранын шырқады.

С.БОЗДАҚОВА,

мектеп тәлімгері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521