Ұрпақ жалғастығы

(0 Votes)

Бейбіт елімізде әрқашан отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, дүниеге перзент әкелуі әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш.

Бала – өмірдің гүлі. Ұрпақ жалғасы. Жыл басынан бері ауданымызда барлығы 644 сәби дүние есігін ашты. Оның 381-і Мақат және Доссор перзентханасында дүниеге келсе, қалған сәбилер ауданнан тыс жерде, яғни Атырау қаласында дүниеге келген екен.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Мақат кентінің перзентханасында бір қыз бала дүниеге келді. Жылдар өтіп, уақыттар ауысқанда осы сәбилер еліміздің өркендеуіне үлес қосады деп сенеміз. Өйткені, олардың болашағы жарқын. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» демей ме, атам қазақ. Әр шаңырақты шексіз қуанышқа бөлеген сәбилер елдің үлкен азаматтары боларына сенеміз. Перзентхана дәрігерлерінің айтуынша, дүниеге келген сәбидің, анасының денсаулықтары жақсы. Алдағы екі-үш күнде олар перзентханамен қоштасып, өз отбасымен қауышады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521