Жалғызбасты қарттарға мерекелік сыйлық табыс етілді

(0 Votes)

Тағдырдың тауқыметін тартқан жалғызбасты қариялар қашанда қолдауға зәру.

Наурыз мерекесінде оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін «Доссор-Сервис» компаниясының өкілдері аудандағы жалғызбасты 50 қартқа «Лидер» супермаркетінің 10 000 теңгелік сертификатын табыстады.

Олар бұл мерекенің қанағат пен қарайымдылықты арттыратын мейрам екендігін айтып, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – игі істің бірі екендігін жеткізді.

Өз кезегінде қарияларда қиын шақта қолдау білдеретін әлеуметтік сала қызметкерлері мен компания өкілдеріне өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. 

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз