Ауданда наурыз мерекесі тойлануда

(0 Votes)

Жаңа жылдың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамы ауданымыздағы орталық алаңда тойлануда.

Мерекеге орай алаңда киіз үйлер тігіліп, алтыбақан тұрғызылған.

Жаңғырудың нышаны саналатын мерекеде салт-дәстүрімізді насихаттай отырып, көпшілік ұлттық ойындарды ойнауда.

Одан бөлек, келген жылымызда молшылық болсын деген ниетте қазан асылып, келген жұртшылық наурыз көжеден ауыз тиюде.

Сондай-ақ, мерекелік шараның негізгі бөлімі аудан өнерпаздарының арнайы дайындалған мерекелік концерт, қойылымдарымен жалғасын табуда.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT