Өзара ықпалдастық мәселесі қаралды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Бас-тау Бизнес» жобасының жүзеге асуы жөнінде, оның ішінде кәсіпкерлер мен монополистер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатын көздеген кездесу өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішов төрағалық етіп, аудан кәсіпкерлері мен коммуналдық мекемелердің басшылары қатынасты. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып жүр. Бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында енді. Оның мақсаты – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы аудан тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру.

Жобаға қатысқандар өздерінің кәсіпкерлік дағдыларын арттырады. Оқуы тегін, 21 күн оқытылады. Оқудан кейін кәсіп ашуға мүмкіндігі болады. Оның үстіне, 6 пайызбен несие алуға болады. Аудан бойынша аталған жобамен 107 адам оқу курсын бітіріп, қазіргі таңда 12 кәсіпкер несие алып, өз жұмыстарын бастаған. Сондай-ақ, Доссор кентінде 41 адам оқуын жалғастыруда. Жиын барысында өз кәсібін ашушы кәсіпкерлер коммуналдық мекемелердің басшыларына сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521