Кәсіпкерлер 10 жер телімін сатып алды

(0 Votes)

Жер телімін Мақат және Доссор кенттерінен он жер телімін коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін бес жылға жалдау құқығын сатып алуға барлығы 22 адам өтініш түсіріп, соның 20-ы аукционда бақ сынады.

Бұл аудан көлемінде тағы да кәсіпкерлік бағытында 20 нысан бой көтеріп, халыққа қызмет көрсету түрлерін ұсынады дегенді білдіреді. Мақат кентіндегі аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі ғимаратында 25 лот бойынша ағылшын тәсілімен жер телімдерінің аукционы өтті.

Алдын ала баспасөз бетінде хабарланып, оған ниет білдірушілер аптаның сейсенбісі күні өткен аукционда бақ сынады. Мақат кентіндегі 54 көшенің 80,81,82 нүктелеріне қызығушылық білдіргендер қызмет көрсету бағытында құрылыс жүргізу үшін жер телімін сатып алды.

Сондай-ақ, Мақат кентіндегі С.Әлиев көшесіндегі 86 нүкте, Доссор кентіндегі Ш.Еркешов көшесі бойындағы, Ж.Мұхтанов көшесі бойындағы, Қ.Сейітов көшесі бойындағы нүктелерге сұраныс түсіп, сатып алынды. Сондай-ақ, М.Өтемісұлы көшесі бойындағы 1 га жер телімі сатылды. Мақат ауданы жер қорындағы Мақат-Доссор автокөлік жолы бойынан екі учаскеге де қызығушылық танытушылар табылды.

Бұл күнгі аукцион кезінде құны бастапқы құны 672 000 теңгеге бағаланған ауданның жер қорындағы «Бесбөлек» кен орны маңындағы 3 га және Мақат кенті маңындағы 3 га жерге бір –бір кәсіпкерден қатысқандықтан, ол өтпеді деп саналып, келесі жылға қалдырылды. Келесі аукцион алдағы жылдың басында ұйымдастырылмақ. Сонымен, аукционға 14,428 га жер ұсынылып, оның 1,678 гектарын 10 кәсіпкер 965150 теңгеге сатып алды.

Егер сатып алушылар жер телімін үш жыл мақсатты түрде пайдаланбаған жағдайда ҚР Жер кодексінің 92 және 94-баптарына сәйкес кері қайтарылады. Жалға алу құқығының бес жылдық мерзімі біткен соң кәсіпкер жер телімінің кадастрлық құнын қоса төлеп, өз меншігіне аудара алады. Енді аудандағы орта және шағын бизнес саласына тоқталып өтсек, осы жылдың 8 айында тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 1306 болып отыр.

Оның ішінде 83 шағын кәсіпорын (заңды тұлға), 1203-і жеке кәсіпкер және 20 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс жасайтын адамдар саны- 3186.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жаңа бағдарламасы шеңберінде ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру, сонымен қатар кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасымен 107 адам оқыды. Соның 52 –сі бизнес жобасын қорғап шықты. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 12 адам 36,2 млн.теңге қаржылық қолдау алды, оның 3 адамға 240 500 теңге көлемінде грант берілді. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жыл бойына барлығы 9 кездесу өтіп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауданымызда 23 жоба мақұлданып 146 млн. теңге көлемінде қаржылай қолдау берілді. Оның ішінде, ауданымыздың 2 кәсіпкері 5 млн. 300 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант иеленді. Олар, Доссор кентінен кілем тазалайтын цех ашуға арнаулы инновациялық аппараттар алуға 2 млн. 300 мың теңге, Мақат кентінен инсульттан кейін адамдарды оңалту үшін арнайы құрал жабдықтар алу үшін 3 млн. теңге. 2018 жылы аудан бойынша 5 шағын бизнес нысаны (1 кафе, 1 асхана, 1 мейрамхана, 2 оқу орталығы) іске қосылып 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521