Тәуелсіз ел тұлғалы ұлға сенеді

(0 Votes)

Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр.

Отан қорғауға аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі. Көктемгі науқан кезінде ауданнан 50 азамат мерзімді әскери қызметке аттанған болатын.

Күзгі науқанда да осындай мөлшерде азаматтардың аттануы күтілуде. Аудандық қорғаныс бөлімінде аудандық әскерге шақыру комиссия мүшелерімен отырыс өткізілді. Шақыру комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев: –Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп білетін, моральдық және психологиялық тұрғыдан мықты, физикалық жағынан мығым азаматтарға басымдық бергеніміз жөн, – деді.

Күзгі әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында комиссия мүшелері әр шақырылушыны жеке-жеке қарастырып, алған білімін, мамандығын ескереді. Сондай-ақ, отбасы жағдайын сараптап, денсаулығының жарамдылығын басты назарға алып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

Жалпы, ер-азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі - абыройлы іс, жауапты міндет. Бұл қызметті азаматтар абыроймен атқарарына сенім мол. Отанды білекпен емес, жүрекпен қорғайды. Мұнайлы өңірден қаншама қайсар ағаларымыз шыққанын тұрғылықты халық жақсы біледі. Сондықтан өңіріміздің абыройын асқақтатып, Отан алдындағы борышын адал атқарар бозбалалар өңірден әлі де көптеп шығарына сенеміз. Мерзімді әскери қызметке шақыру желтоқсан айының соңына дейін жүргізілетін болады.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521