Қызмет ету әлеуетіміз жоғары

(0 Votes)

Теледидардан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу салтанатын көріп, елімізде қаншама талантты, шығармашылық потенциалы жоғары жастар бар екендігіне көзіміз жетті.

Бұл форум онда қатысып отырған жастарға ғана емес, бүкіл еліміздің келешегі үшін зор үміт, биік мақсат жүктейді.

Біздің «Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облыстық филиалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекетіміздің басты бағдарынан тыс қалмай еңбек етіп келеді.

Олай дейтініміз, қызмет көрсетудің электронды форматына көшу ұлт жоспарында көрсетілген басты міндет .

Орталықта қызмет етуші қызметкерлердің 50 пайызы жастардан құралған. Жастардан құралған ұжымда қызмет етудің де өз ерекшелігі бар. Өйткені, жағымды жаңалық пен ұтымды ұсынысты қабылдауда аса қиындық туғызбайды.Соның нәтижесінде берілген тапсырма, жоспар межесінен табылып келеміз.

Атаулы жылы ауданның, еліміздің қоғамдық өмірімен біте қайнасуға дайынбыз.

Эльмира ӨТЕБАЕВА,

Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521