Сатып алудағы салғырттық

(0 Votes)

Мақат кентінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді.

Оған аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев төрағалық етіп, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Данияров, облыс бойынша СЖҚҰБ Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің бастығы Ринат Кулбалиев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменттің бас маманы Самат Сағытжанов қатысты.

Өткен жылы ауданда тексеру комиссиясы мемлекеттік органдарды және оған қарасты ұйымдарды кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптарын дұрыс сақталмағаны анықталды.

Мәселен, мердігер мекемемен келісімшартқа отырып, шарт талабына жіті көңіл бөлместен мемлекет қаржысын аудара салады. Алайда, келісілген құжаттағыдай жұмыс аяқталмайды. Яғни, қаржы да тауар да жоқ, мемлекет қаржысы құмға сіңген судай болса керек. Осыдан кеп, мемлекет қаржысы талан-таражға салынған деп, жауапкершілікке тартылады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, олардың акцияларының бақылау пакеті мемлекетке және олардың басқаруында бар қаржыны тиімді пайдалану мақсатында өнім берушілерде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуда, олармен бірге үлестес тұлғаларға тиісті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындармен жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейді - деп айтып кетті М.Данияров.

Жиында сөз алған облыс бойынша департаменттің бас маманы Самат Сағытжанов «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес өз міндеттерін атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтарды алуға тыйым салынатынын ескертті. Сыйлық берген адам және оны алған мемлекеттік қызметшіге Заңның қатаң талаптарына сәйкес жауапкершіліктер көзделген.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 677 бабына сәйкес Мемлекеттiк функция-ларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса – алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, сыйлықты ұсынған адамға да жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676 бабына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Жиынға қатысушылар мамандарға заң аясында сұрақтар қойып, кеңес алды.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521