Ұстаз сыйлаған мазмұнды кеш

(0 Votes)

Бүгін Мақаттағы М.Баймұханов атындағы орта мектебінде ұлағатты ұстаз, ауданның құрметті азаматы, педагогика саласының майталманы Дәмен Биханқызы Алтаеваның «Отбасы жарастығы » атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Аудандық білім беру саласының кәсіподағы мен аталмыш мектеп ұжымы бірлесе өткізген кештің төрінен орын алған Дәмен Биханқызы өмір баспалдақтарынан сыр шертіп, сыр-сұхбатты мәнді, мазмұнды, естелікке толы жылы кездесуге айналдырып жіберді.

mmm

Ұстазбен бірге еңбектес болған білім саласының ардагерлері шынайы әрі қарапайым еңбек адамының бейнесін естеліктерімен аша түссе, жастар жағы ән-жырларын арнады.

Әдемі әзіл мен мағыналы сөздерге толы қалың кітабынан үзінді оқып берген Дәмен апайды ұстаздар қауымы қошеметтеп, ықылас гүлі мен сыйлығын ұсынып, соңынан ескерткіш суретке түсті.

"МТ"

Толығырақ газеттің 19 ақпандағы санынан оқи аласыздар!

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT