Көліктегі полиция департаментінің бұйрығымен Құлманов Ернұр Сәрсенбайұлы Мақат станциясының желілік полиция бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Ернұр Құлманов 1992 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2013 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 – 2018 жылдары Ақтөбе облысы, Қандыағаш патрульдік полиция тобында бастаған.
2018 – 2019 жылдары Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің кезекшісі;
2019 жылы Алматы қаласының Халықаралық әуежайында желілік полиция бөлімінің анықтаушысы;
2019 жылы Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің тергеушісі;
2020 – 2021 жылдары Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде тергеуші болып қызмет атқарған. Полиция аға лейтенанты.
А.Есжан