Оқимын дегенге есік ашық

(0 Votes)

Мақат кентіндегі Ашық әкімдік ғимаратында "Теңізшевройл" ЖШС-нің өкілдері ауданның жұмыссыз азаматтарының басын қосты.

Аталмыш кәсіпорын мамандары мұнайлы мекенге бұған дейін де бірнеше мәрте ат басын бұрған еді. Мақсаттары жұмыссыз жандарды құрылыс мамандықтары бойынша тегін оқыту. Олрдың ішінде электр монтаждаушы,  металл конструкцияларын дәнекерлеуші, металл конструкцияларын монтаждаушы, құрылыс ағаштарын монтаждаушы, БӨАжА монтаждаушысы, жалпы құрылыс жұмыстары жөніндегі жұмысшы – бетоншы, қалыптаушы және арматуршы, құбыр монтаждаушы секілді кәсіп түрлері бар. "Оқу ұзақтығы 2-3 айға созылады. Жатын жері мен тамақтануы да өз мойнымызда",- дейді олар.

Өткен жылы дәл осы бағдарламамен 25 тұрғын оқып, біліктілігін арттырған. Ал бұл жолы 43 азамат бағын сынап көріп,  соның 24-і сынақтан өтті. Оқу наурыз айында басталады дейді халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары.

Ендеше іске сәт!

А.САДЫКОВ
сурет автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT