Бүгін Доссор кентінде Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді» және «Тегін заң көмегі күндері» іс-шарасы аясында тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, Атырау облысы Әділет Департаменті басшысының орынбасары Меруерт Амангелдіқызы, бөлім басшысы Аманқос Сибатұлы мен адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар және жеке сот орындаушылары қатысты.
Халықтың құқықтық сауаттылытын арттыру және ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында өткен кездесуде тұрғындар жан-жақты өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша жауап ала білді.
Одан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Ербол Қонысбайұлы халыққа «Жастар тәжірибесі», «Күміс жас» жобаларының тиімділігін айтып өтті.
Сондай-ақ, шара аясында тиісті мамандармен 30-дан аса тұрғынға заңнамалық жауаптар берілді. Аталмыш кездесу Мақат кентінде жалғасын тапты.
Ж.ҚАМЗА