МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
(0 Votes)

Аудан бойынша шаруашылықтың барлық меншік түрі бойынша 11 059 мал бағылуда. 2024-2025 жылдарға малды қыстату үшін 9 100 тонна шөп, 542 тонна жем қажет.

 Қажеттілікті өтеу мақсатында жеке кәсіпкер Б.Үмбетқалиевпен келіссөз жүргізіліп, мал азығының бағасын қол жетімді бағада (1 орамын 8000 тенгеден) саудалау бойынша меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта аталған кәсіпкермен 120 тонна шөп дайындалып Мақат, Доссор кентері мен Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты жеке ауладағы төрт түлік малға қажетті ірі сабақты мал азығын тасымалдау ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, мал шаруашылығын қысқы кезеңде жеммен қамтамасыз ету мақсатында шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлердің сұранысы бойынша өтінім жолданды.

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521