Судья іске кірісті

(1 Vote)

Апта басында ауданымызға Атырау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрайымы Т.Уәлиева, облыс бойынша соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева іссапармен келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі Жарлығына сәйкес Мақат аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Ғалым Чингисовты аудандық сот ұжымына таныстырды.

Жаңа сот судьясын таныстыру жиынында, жаңа судьяны таныстырған облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрайымы Т.Уәлиева Мақат ауданының судьясы міндетіне Ғалым Чингисовтың лайықтылығын, іс-тәжірибесі мол, білімі мен білігі жеткілікті маман екенін айтты. Сот жүйесінде жұмыс істеген кезде өзін кәсіби біліктілігі жоғары судья, беделді әрі тәжірибелі маман ретінде таныта білді деді. Қысқаша өмірбаяннан кейін, Ғ.Чнгисовты құттықтап, жемісті еңбек тіледі. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов жаңа қызметіне кіріскелі отырған судьяға ауданның тыныш өмірі үшін, құқық қорғау саласында күш жұмылдырып, біріге еңбек етуге тілектес екендігін жеткізді.

А.ТАУМҰРЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT