Ауданда тазалық акциясы өтті

(0 Votes)

Ауданда республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. 

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан тазалық акциясына түрлі мекеме қызметкерлері мен «Жасыл ел» жасақтары қатысты. Аталмыш шара аудандық жастар ресурстық орталығынан бастау алып, М.Баймұханов орта мектебіне дейінгі аралықты қамтыды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады. «Ауданымыз баршамызға ортақ мекен. Оның таза әрі жайлы болуы осы жерде тұратын әр тұрғынның жауапкершілігінен басталады. Бұл шараға белсенді қатысып жатқан жасыл ел сарбаздары ауданның тазалығына жанашырлық танытып отыр», – деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Есімхан Табылдыұлы.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы еліміз бойынша кең көлемде ұйымдастырылып жатыр жатыр және бұл жас буынның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін нығайтатын сондай-ақ аудан тұрғындарын тазалыққа шақыратын игі бастама болып саналады.

Г.Жұбанышқалиева

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT