Спорт мектебінің ұжымы қайырымдылық жасады

(0 Votes)

 Республика күніне орай Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы «Жанашыр жүрек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 

Акция барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыға азық-түлік себетін табастады. Әдіскер маман Анар Амантайқызының айтуынша, көпбалалы отбасының балалары спорт мектебінің шәкірттері.

«Қайырымдылық жасау ең ізгі қасиеттердің бірі. Ал оның ең абзалы – мұқтаж жандарға көмектесу. Осы ретте ұжымымызбен бірге жақсылық жасап, өзгеге қуаныш сыйлауды жөн көрдік. Азық-түлік табысталған отбасының үш баласы бүгінде Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. Бапкерлері де болашақта олардан зор үміт күтеді», - дейді Анар Амантайқызы.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің» демекші, осылайша қайырлы істің ұршығын иірген ұжым нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT