Таңғы сағат 07:00-ден бастап, аудандық сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының ашылу салтанаты өтті.
Аудан бойынша 12 учаскеде мемлекеттік әнұран шырқалып, толығымен жұмысқа кірісті. №2 бастауыш мектебінде орналасқан №208 сайлау учаскесінде 4 комиссия мүшесі, төраға және орынбасары жұмыс істеуде. Еске сала кетейік, сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ә.ҚАСЫМ