№ 208 сайлау учаскесіне таң ата салысымен келушілердің қарасы қалың.
Сайлауға бірінші болып келіп, дауыс бергендердің арасында зейнеткер теміржолшы Батима Құрманалиева бар. Ол еліміз үшін маңызды күнде ел болашағына бей-жай қарамайтындығын айтады. “Біздің жасаған таңдауымыз Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан, мен сенім артқан кандидатыма өз дауысымды бердім”, - дейді ол. Сонымен қатар, № 208 сайлау учаскесі алғаш болып дауыс берген тұрғынға арнайы сыйлығын табыстады. Айта кетейік, № 208 сайлау учаскесінде 1099 тұрғын дауыс беруші болып бекітілген.
Ә.ҚАСЫМ