Қысқа дайындық пысықталды

(0 Votes)

Аптаның бейсенбісі күні «Қыс - 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Алдымен Мақат желілік-өндірістік басқармасы мекемесінің автокөлік тұрақ алаңында аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, ауданның тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдары мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу ұйымдастырылды.

Оған 13 қызмет, 150 қызметкер, 47 әртүрлі техника жұмылдырылды.

img_4978

Аудан бойынша 5 дана мотопомпа, 160 дана күрек, 500 дана қап, 2 дана генератор, 1 дана спутникалық байланыс телефоны, 27 әртүрлі құрал-жабдықтар, 2800 тонна жанар жағармай, 13 тонна әр түрлі азық-түлік қоры нақтыланды.

Аталған шараға аудан әкімдігінің аппарат басшысы Жандос Талғатұлы арнайы қатысып, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін бақылады.

Саптық жиыннан соң, қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталды. Алдымен жасанды қар батпағы ұйымдастырылып, автомобиль жолында орын алуы мүмкін апатты жағдай қарастырылды. Азаматтық қорғау қызметкерлері лезде іске кірісіп, зардап шеккен жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіп, оларды жылыту пунктіне апарды.

img_5002

Одан кейін, ауруханада орын алған өрт оқиғасын ауыздықтау да сәтті жүзеге асты. Онда құтқарушылар және өртке қарсы қызметкерлер оқиға орнынан лезде табылып, өртті дер кезінде сөндірді.

Нәтижесінде, кез келген төтенше жағдай кезінде, құтқарушылар қыстың қаһарына толық дайын екендерін көрсетті.

 

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521