Шағын және орта бизнес – ел дамуының кепілі

(0 Votes)
Сурет автордың жеке фотосуреттер қорынан алынды

Кезектен тыс өткен сайлаудың нәтижесінде қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 80 пайыздан астам дауыс жинап, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Бұл халық тұрақтылықты қалайтындығының көрінісі. Оның үстіне басқа кандидаттармен салыстырғанда Қасым-Жомарт Кемелұлының бағдарламасы жан-жақты болды. Әркім өзіне жақын тақырыпқа құлақ түретіндіктен біздер де өз саламыздағы өзгерістерге назар салып жүреміз.

Президентіміздің сайлау алдындағы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Береклі қоғам» атты жолдауында «Кәсіпкерлікті жүйелі қолдау жүмысын басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет», - деп тоқталып кеткен болатын.  Сонымен қатар ол: «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады», - дегені үкімет кәсіпкерлердің жағдайын әрдайым назарда ұстайтындығын білдіреді.

Расымен, шағын және орта бизнестің көбеюі елімізді дамыған елдердің қатарына жақындатып, қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың және экономиканың тірегі болып саналатын орта таптың қалыптасуына әкелер еді.

                                                                                                                             А.Жангереева,

аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521