ОҚУШЫЛАР КӘСІПТІК БІЛІМДЕРІН СЫНАДЫ

(0 Votes)

Сәрсенбі күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру, заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер құру мақсатында «JuniorSkills-2022» байқауы ұйымдастырылды.

« W o r l d S k i l l s » жас өспірімдер арасындағы ұлттық чемпионат  әдістемесіне сәйкес өткен байқауға 15-16 жастағы 9-сынып оқушылары қатысты. Олар дәнекерлеу технологиясы, сән технологиясы, аспаз ісі, электроника, электромонтажды жұмыс, мұнай және газ өндіру операторы секілді 6 құзыреттілік бойынша мықтыны анықтады.

cjhfybn6

Ашылу салтанатында алдымен сайыстың сарапшылары таныстырылды. Кейін мектеп оқушылары ортаға шақырылып, Қазақстан Республикасының әнұраны ойналды. «Біздің мақсатымыз аудандағы жоғарғы сынып оқушыларын колледж тынысымен таныстыру. Қолға аттестат алғасын сіздерде «мен ертең кім боламын?» деген сұрақ тұрады. Бүгінгі шара дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деген ойдамын. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!», - деді алғы сөз сөйлеген оқу орнының басшысы Ізтұрған Тасбаев.

sokh

Колледждің өнерлі жастары топ болып флешмоб билесе, Нұрбол Беркін «Мен қазақпын» әнімен қатысушылардың рухын көтерді.

Жарыс басталар сәтте әр құзыреттілік бойынша сынға түскендер сарапшылармен бірге бөлініп, сайысқа кірісті. Берілген тапсырманың 30%-ын үйден дайындап келулері тиіс болған олар, қалғанын сол жерде орындады.

fhgy7t65

Әр құзыреттілік 2-3 модульдан тұрды. Сарапшылар қатысушылардың ұпайларын қорытындылай келгенде, аспаз ісі бойынша 3-орынды Айсара Ұғап (М.Баймұханов орта мектебі), 2-орынды Ярослав Череватенко (О.Сарғұнанов орта мектебі), 1-орынды Альбина Лекер (А.Құнанбаев орта мектебі) иемденді. Дәнекер ісі бойынша 3-орын С.Шарипов атындағы мектеп-интернатынан келген Әлішер Серікбайға, 2-орын М.Баймұханов атындағы мектептің оқушысы Мейірбек Қазбекке, 1-орын Бәйгтөбе мектеп бөбекжай кешенінің намысын қорғаған Бақтыкерей Нұрдәулетке бұйырды.

tuyrgfh8776-

sokhr

 

Мұнай-газ саласы бойынша білім жарыстырғанда 3-орынға Азамат Айып (А.Құнанбаев орта мектебі), 2-орынға Ерлан Қайырқожа (Л.Шахатов орта мектебі) және 1-орынға Дархан Есенұлы(Х.Санбаев орта мектебі) жайғасты. Қыздар ғана қатысқан сән технологиясы құзыреттілігінде 3-орынды Нұрбану Есмырза(М.Баймұханов орта мектебі), 2-орынды Әсия Хожанова (Л.Шахатов орта мектебі), 1-орынды Ақбаян Сағытжанқызы (Х.Санбаев орта мектебі) жеңіп алды. Болашақ электриктер арасында 3-орынға Жанбатыр Бисенбай (А.Құнанбаев орта мектебі), 2-орынға Нұрдәулет Қуанышқали (С.Шәріпов атындағы мектеп-интернаты), 1-орынға Дәулет Төлепберген (Х.Санбаев орта мектебі) ие болды. Ал электроника саласына қызығатындардан 3-орынға Әміре Орынбасар (С.Шәріпов мектеп-интернаты), 2-орынға Азамат Жандарбекұлы(А.Құнанбаев орта мектебі), 1-орынға Ілияс Мейрамбай (Х.Санбаев орта мектебі) қол жеткізді.

cjhfyb

sokhra

Қатысушылардың барлығына алғыс хат, жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табысталды.

А.ЖҰМАБЕКҰЛЫ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521