Қос балуанның Қостанайдағы жеңісі

(0 Votes)

Мақаттық күрес шеберлері Қостанай қаласының төрінде атой салды.

17-20 ақпан күндері 2005-2007 туған ұлдар мен қыздар арасында Қазақстандағы еркін күрестің дамуына үлес қосқан П.Ф. Матущак, А.А. Абдурахманов және Р. И Казаировтарды ескеалу құрметіне ұйымдастырылған турнирде 3 жерлесіміз бақ сынады. Бұл жолы облыс намысын қорғау мүмкіндігі 55 және 92 келі салмақтары бойынша Амандық Жұмабай, Алпар Мұратұлы жәнеЕрасыл Сайрановқа бұйырды. Сайыс нәтижесінде бағы мен бабы қатар шапқан Амандық Жұмабай 55 келіде, ал Ерасыл Сайранов 92 келіде топ жарды.

Бапкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында бозкілемде бар өнерін көрсетіп жүрген жігіттерімізге бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз!

                                                                                                                    А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT