«Лидер» сауда орындарында болып, кәсіпорын қызметкерлерімен «Жат ағымдардан сақтан!» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы А.Карамат «Жат ағым өкілінің қандай ерекшелігі бар?», «Жат ағымдағылар қандай айла-тәсіл қолданады?» тақырыбында әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде діни әдебиеттермен Қазақстан Республикасында тыйым салынған уағызшылар туралы ақпараттар тарату ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490 бабтарына сәйкес, жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіп, заңнама талаптарына түсіндірме берді.
Осы тектес шара аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар санатындағы тұлғалармен жалғасып, «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында кездесу өтті.
Сондай-ақ, жоспардан тыс шара аудандық мәдениет үйі және аудандық кітапхана ұжымында жалғасын тапты. Кездесу барысында ұжым қызметкерлері белсенділік танытып, өздерінің сауалдарына мамандардан жауап алып, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүр, әдеп-ғұрып сонымен қатар, ел тарихын білген адамзат баласы, өзін жат ағымнан алыс болатынына сенім білдірді. Аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ж.ЖҰМАҒАЛИЕВА,
аудандық ішкі саясат басшысы