Өрт сөндірушілер арасында теннистен жарыс өтті         

(0 Votes)

Көктемнің алғашқы күні  қазақстандықтар алғыс айту күнімен қатар «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» мерекесін де атап өтеді.

Әлемнің әр түкпірінен әскери қақтығыстардың әлсін-әлсін бой көрсетуі Азаматтық қорғаныс ұйымдарының қаншалықты қажет екенін айқындап тұр. Бұл саланың жауынгерлері тек халықты қорғаумен ғана емес, табиғи және техногендік апаттар мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде азаматтарды құтқарумен айналысады.

Аталған мереке аудан көлемінде де елеусіз қалмады. Спортты жанына үнемі серік етіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен  Мақат ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы өзара үстел теннисінен жарыс өткізді.

f4832322-31cc-4aa4-b28a-0b055a6896e0

Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен дода тартысқа толы өтті. Мақат ауданының төтенше жағдай жөніндегі бөлім бастығы А.Камалов жүлделі орын алған командаларды арнайы дипломмен марапаттап, кубок табыстады.

 

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521