Мақат ауданының төтенше жағдай қызметкерлері мен балаларды тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне оқыту бойынша іс-шаралар кешені өткізілуде.
Мақат ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінде «ашық есік» күні өтті.
Оған Баймұханов атындағы орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары келді.
Балаларға бөлімде жарақта тұрған өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару құралдары көрсетілді. Сондай-ақ, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі, отпен ойнаудың кесірі туралы әңгіме өтті.
Балалар құтқарушыларды мұқият тыңдады. Балаларға өрт сөндіру көлігімен экскурсия ерекше ұнады. Жауынгерлік машинаның ішінде болып, өзін өртке аттанатын нағыз құтқарушы сияқты сезінді.
Мұғалімдердің айтуынша, балалар нағыз өрт сөндірушілерге қонаққа барып, олардың жұмысын өз көздерімен көруді көптен армандаған.
Ал қызықты экскурсияның соңында балалар хормен құтқарушыларға алғыс айтып, міндетті түрде тағы да қонаққа келуге уәде берді.
Мақат ауданының ТЖБ баспасөз қызметі