«ӨРТ-2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

«ӨРТ-2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
(0 Votes)

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауованың қатысуымен «Өрт – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Алдымен Мақат кентіндегі «Бостандық» көшесі 5 ауыл тұсында аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, ауданның тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдар мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу ұйымдастырылды.

Саптық жиын барысында алдымен аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға күштері мен құралдардың дайындығының жай-күйін тыңдап, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін бақылады.

Оған 21 мекеме, 110 қызметкер, 22 әртүрлі техника жұмылдырылды.

Саптық жиыннан соң, өрт кезінде туындайтын төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталды.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT