Әкем – тірегім, анам – жүрегім

Әкем – тірегім, анам – жүрегім
(0 Votes)

Жуырда Отбасын қолдау орталығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» іс-шаралар өткізу тұжырымдамасына сәйкес «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті.

Аталмыш шара балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударту, ата-аналар мен балалардың құқықтық және психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру, отбасыларды орталықтың жұмыс бағыттарымен және қол жетімді қолдау түрлерімен таныстыруды мақсат етті.

Бұл шараға аудандық аурухана, төтенше жағдайлар бөлімі, «Айналайын баладан» қайырымдылық қоры, көркем жазу кабинеті мен қамқоршы-қорғаншы болып тағайындалған заңды өкілдер және тәрбиеленуші балалар мен аудандық әр мектептен әлеуметтік қызметкерлер қатысты.

Осы ретте келген көпшілік отбасын қолдау орталығының жұмыс барысымен танысып, көкейтесті сұрақтарына арнайы мамандардан жауап алды.

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімі ауданда өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әрі қарай Мақат балалар өнер мектебінің оқушылары ортаға өздері дайындаған өнерлерін көрсетіп, аниматорлармен бірге ойын-сауық бағдарламасы жалғасын тапты.

                                                                                                                   Г.Жұбанышқалиева

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT