Бүгін аудандық мәдениет үйінде көрнекті жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығына арналған «Рахымжан Отарбаев оқулары» байқауы өтті.
Аудан әкімдігінің қолдауымен, “Рахымжан Отарбаев руханият қорының” және Мақат ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға аудан мектептерінің 8–11 сынып оқушылары қатысып, жазушының прозалық және драмалық шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқыды және сахналық көріністер ұсынды.
Шара соңында аудан әкімі Азамат Мәмбетов бұл – жас ұрпақты ұлы қаламгердің шығармашылығымен терең таныстырып, көркем сөзге деген құрметін оятатын маңызды шара екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ, байқау жеңімпаздарына аудан әкімінің дипломдары мен арнайы жүлдесін табыстады.
Байқауда белсенділік танытқан оқушылар да назардан тыс қалмай, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ж.ҚАМЗА
Сурет автордікі