Мемлекеттік рәміздер - ұлттық құндылық

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық құндылық
фото: https://aqtobegazeti.kz
(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран – ел тәуелсіздігі мен егемендігінің, ұлттық бірегейліктің заңды түрде белгіленген нышандары болып табылады.

1992 жылғы 4 маусымда Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы бекітілді. Ал 2006 жылы қазіргі Мемлекеттік Әнұран қабылданды. Осы күн мемлекеттік деңгейде атап өтілетін атаулы күн ретінде тарихта қалды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабына және 2007 жылғы                               4 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына сәйкес, мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің Тәуелсіздігін, дербестігін, оның саяси, экономикалық және мәдени негіздерін бейнелейтін басты нышандар.

Аталған Конституциялық заңның 34-бабында Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге әрі оларды дұрыс пайдалануға міндетті екендігі көрсетілген. Мемлекеттік рәміздерді қорлау – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл нормалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте (458-бап), сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 372-бабында бекітілген.

Мемлекеттік Ту – көгілдір түсті матада алтын күн, қыран және ұлттық өрнек бейнеленген. Бұл бейнелер ашық аспан, еркіндік, тыныштық пен мәдени мұраны білдіреді.

Мемлекеттік Елтаңбаның негізі – шаңырақ, оның айналасында уықтар мен қанатты пырақтар бейнеленген. Бұл – халық бірлігі мен тұрақтылықтың, берік мемлекеттің символы.

Мемлекеттік Әнұран – халқымыздың ерлігі мен бірлігін, отансүйгіштік рухын паш ететін әнұран. Ол еліміздегі барлық ресми іс-шараларда, білім беру мекемелерінде және халықаралық деңгейде орындалады.

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау – әр азаматтың парызы ғана емес, заңмен бекітілген жауапкершілігі. Бұл – еліміздің тұтастығына, тәуелсіздігіне және болашағына деген құрметтің көрінісі.

Мақат ауданы әкімінің аппараты барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды! Көк Туымыз мәңгі желбіреп, Елтаңбамыз биікте бедерленіп, Әнұранымыз ұрпақтың жүрегінде жаңғырып тұрсын!

 

Мақат ауданы әкімінің аппараты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT