Ауданда «Халық заңгері» акциясы өтті                           

Ауданда «Халық заңгері» акциясы өтті                  
(0 Votes)

  Бүгін азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Үкіметінің қолдауымен «Халық заңгері» жалпы республикалық әлеуметтік акция өтті.

Аталмыш акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды және тегін заң көмегін көрсетуді мақсат етті.

Халық заңгері акциясында сарапшылар яғни, аудандағы заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері халыққа туындаған мәселелері бойынша тиісті кеңестер берді.

Айталық, акцияға келген аудан тұрғындарының көпшілігі неке және отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау және тағы басқа да салаларға қатысты көптеген сұрақтарына жауап алды.

Айта кетейік, «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы Қазақстанның барлық облыс, аудандарында  жергілікті уақытпен бір мезетте өткізілді.

                                                                                                              Г.Жұбанышқалиева

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT