Мейірімді жүрек, шын пейіл

(0 Votes)

Х.Санбаев атындағы орта мектебінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдасқан түрде жоғары дәрежеде өтті.

Жеке кәсіпкерлер Б.Исенаманова, М.Төленова 17 оқушыға қыстық күртеше, қалың спорттық киімдер мен аяқ киімдер алып беріп, бір қуантып тастады.

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында қараусыз, қадағалаусыз қалған, жағдайы жоқ отбасылары, бала еңбегінің ең нашар түрлерімен айналысатын балаларды анықтауға арналған рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Сонымен бірге Мақат жастары қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Қангерееваның ұсынуымен «G-group education» оқыту орталығының директоры Б.Қуанышевтың демеушілігімен қаңтар айынан бастап, қамқорлықтағы 1 оқушыға мамыр айына дейін 40000 теңге көлемінде тегін оқуына демеушілік көрсетті. Сонымен қатар қаңтар айынан бастап, 10 сыныптың 1 оқушысын шілде айына дейін 21000 (жиырма бір мың теңге) жарты бағасына жеңілдікпен оқытылуына демеушілік жасап отыр.

Мақаттағы «Сәтті» дәмханасының басшылығы 3 отбасын 70 000 теңге көлемінде азық-түлікпен қамтамасыз етті. Акция аясында «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» шара ұйымдастырылды.

Соңынан аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен сыйлықтар ұсынылып, мектеп директоры Н.Мендалиева оқушыларға алғыс хаттарын табыстады. Мектеп асханасын жалға алып отырған, жеке кәсіпкер «Исмагамбетов» ЖК-гі оқушыларға тәттілер үлестірді. «Досыма сыйлық» тақырыбымен мектеп тәлімгері Р.Кубулова және «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары атынан өз қолдарынан шыққан бұйымдарын ұсынды.

Акция нәтижесінде 240 000 теңгеге қамқорлық жасалып, ол 21 оқушыны қамтыды.

Г.ОҢАЕВА,

Х.Санбаев атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521