Өңірге қажет мамандықты кім таңдайды?

(0 Votes)

Мақат кентіндегі М.Баймұханов атындағы орта мектебінде «Нұр Отан» партиясының "Сәтті қадам" жобасы аясында 9,11-сыныбының мектеп бітіруші түлектерімен кездесу өткізілді.

Аудандағы бос жұмыс орындары, тапшы мамандықтар жөнінде мектеп бітіруші түлектерге ақпарат беріліп, оған аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Есенгужин, аудандық орталық ауруханасының тіс дәрігері Е.Сартаев, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, аға лейтенант К.Серікбаева және Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің өндіріс оқыту шебері Р.Тасименов қатысты.

Қазір ауданда медицина саласы бойынша дәрігер (медбике емес), жалпы тәжірибиелі маман және эндокринолог мамандары, фармацевт, химия, физика пәнінің мұғалімдері, геодезист, сондай-ақ құқық қорғау органдарына (ішкі істер бөлімі) мамандар қажет.

Доссор кентіндегі мұнай және газ технологиялық колледжіне өңдеу, бұрғылау салаларынан бөлек, 2019 жылы IT технологиясы бойынша программист мамандығын ашу және робототехника саласын дамыту жоспарлануда.

Келген мамандарға мектеп бітірушілер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.

А.ЕСЕНАМАНОВА,

жастар ресурстық орталығының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521