Кеңес жоспарын бекітті

(0 Votes)

Мақат кенті әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Отырысты кеңес төрағасы Қ.Умаров жүргізіп, кеңес мүшелері, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Р.Тайшекенова қатысты.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің әсіресе, ауылда қол жетімділігі және қоғамдық келісім кеңесінің биылғы жылға жұмыс жоспарын бекіту.

Алғашқы мәселе бойынша Р.Тайшекенова бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету қағидалары туралы айтып өтті. Ол – тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін қызмет түрі. Бұл көмек түрлеріне профилактикалық, диагностикалық, емдік қызмет түрлері жатады.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша кеңестің жұмыс жоспары талқыға салынып, бекітілді. Қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

А.МАСАТҚЫЗЫ,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521