2020 жылғы 17-18 мамыр күндері аудан тұрғындарынан «COVID-19»-ке алынған анализ қорытындысы оң нәтиже берді.
Қазіргі уақытта, аудан бойынша короновирус инфекциясын жұқтырған 7 тұрғын анықталып, ауру ошақтары анықталды.
Осыған орай, коронавирус індетінің алға қарай өршуін болдырмау мақсатында байланысты, Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №7ПГВр «Мақат кентінде карантиндік режимді қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның «COVID-19» таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданды.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Мақат кенті аумағында 2020 жылдың 22 мамыры сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 05 маусымы сағат 07.00-ге дейін «карантин» режимі белгіленіп, карантиндік режимді сақтау шаралары бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
Мақат аудандық жедел штаб орталығы