Қоршаған ортаның, тұрып жатырған мекеннің, соның ішінде халыққа қызмет көрсететін мекемеңнің тазалығы өзін сыйлайтын әрбір адамның ұстанымы болуы тиіс секілді.
Өйткені, сол арқылы адамның мәдениеті көрінеді, мерейі тасиды. Міне, осындай қағидаға беріктік бүгін «Мақат тынысы» ұжымы мекеме айналасын тазалауға шығып: шашылған қоқысты жинады, көрікті кетірген арам шөптерді жұлды. «Теңізге тамған тамшыдай» ғана болса да сөйтіп айналаның ажарлана түсуіне өз үлестерін қосты. «Өмір сүйсең жайнаған, таза болсын айналаң» дегенді әркез жадымыздан шығармайық, ағайын!