«Жомарт Жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды

(1 Vote)

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Жомарт-Жүрек» байқауының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және қайырымдылық қызмет пен мейірбандық идеяларын танымал ету мақсатында ұйымдастырылған шараны аппарат басшысы Оксана Жамбырбайқызы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов ашып, марапат иелерін құттықтады.

oksana

tolesin

«Жыл меценаты» номинациясы бойынша «ДЕРЖАВА-К» жеке кәсіпкерлігінің атқарушы директоры Бақытжан Тулеуов және еліміздің жаңа реформалары мен өзгерістеріне байланысты ауданымыздың экономикалық жағдайын өркендетуге үлес қосып жүрген Генадий Биманов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, аталған номинация бойынша ауыл шаруашылық саласын дамытып қана қоймай, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген Шаризат Мұханова марапатталды.

sharizat

kuanysh

Жас жеке кәсіпкер Қуаныш Ермеков еріктілік қызметтегі белсенділігі және әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Ерен еріктілік» номинациясына лайық деп танылды. Бұл шарадан әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қоғамдық маңызы бар шараларға демеушілік жасаған ұйымдар да кенде қалмай «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен Еркін Сабенов марапатталды. Барлық жүлдегерлерге арнайы сертификат, естелік сыйлық және статуэткалар берілді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT