Жолда қабылдады, аулада ақыл айтты

(0 Votes)

Жасыратыны жоқ, жол қауіпсіздігі мәселесі әлі күнге өзектілігін жоя қойған жоқ. Сол себепті  азаматтардың амандығын қамтамасыз етіп,  құқықтық сауатын жетілдіру жайы күн тәртібінен түспей тұр. Демек, жол қозғалысы қауіпсіздік ережесін түсіндіре отырып, жауапкершілікті арттыру мақсатындағы жұмыстары ұдайы жүріп отыруы заңдылық. Таяуда осындай мақсатпен «Жолда қабылдау» мен «Аулада қабылдау» республикалық акциясы өтті. 

Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту арқылы азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру ісінде азаматтарымыздың әр түрлі сала бойынша құқықтық сауаттылығын  арттыру алдыңғы кезекке шығып отырғаны акция барысында тағы бір дәлелденді. Өйткені, акцияға арнайы шыққан аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің өкілдеріне жүгінген тұрғындардың сауалынан осыны аңғаруға болады.

muqanob

joldaqabyldady

Акция барысында «темір тұлпарды» тізгіндеушілер де құқық қорғау органының өкілдеріне көкейкесті сауалдарын қойып, жан-жақты  жауап алды.  Кент тұрғыны В.Филимонов полиция өкілдеріне көңілі толатынын айтса, Үмітжан Ержанова «Ару» сауда үйінің жанындағы жаяу жүргінші жолынан өту мүмкін болмайды. Өйткені, жүргізушілер белгі тұрсада, жол ережесін сақтамай, тоқтамай өтіп кетеді.

Ал, «Аулаларда қабылдау» акциясы Мақат кентінің С.Алиев көшесі бойындағы 80/3,4,6 үйлердің аулаларында өтті.  80/6 үйдің тұрғыны С.Сүлейменова учаскелік полиция инспекторы Н.Жұбаев өз жұмысына тиянақты,  тұрғындармен жиі әңгімелесіп, жертөлелерді де қарап, тексеріп тұрады. Мұнда да мамандар автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жол қауіпсіздігін сақтау, көші-қон заңдарына қатысты сауалдарға жауап берді.    

Жұма күні өткен акция барысында жалпы алғанда 8 адам өз өтініштерін білдірді.

Акция Доссор кентінде де өтті. Онда да 8 адам қатысып, оның 4-і заңдық кеңес алса, 4-і ұсыныстарын айтты. Оның ішінде бағдаршам орнату, жол қауіпсіздігін арнайы белгілерімен қамтамасыз ету сынды ұсыныстар бар.

А.МАСАТҚЫЗЫ,

суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521