Мақат кентінде жаңа перрон пайдалануға берілді

Жаңа перрон пайдалануға берілді
Суреттер автордікі
(0 Votes)

Мақаттықтар үшін апта басы жағымды жаңалықпен басталды. 

Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданымызда теміржол вокзал перронының құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ел игілігіне берілді.

Вокзал перронының ашылу салтанатына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, кент және округ әкімдері, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің басшысы, теміржол саласының ардагерлері мен кент тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, бұл жоба өңірдің экономикасын дамытуға және халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсері бар көлік қызметкерлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге өз ықпалын тигізетіндігін атап өтті.

Одан әрі құттықтаулар легін теміржол саласының ардагері Ерғазы Жоламанов жалғап, перрон құрылысы аудан тұрғындары мен жолаушылар қауіпсіздігі үшін жасалған игілікті іс екенін жеткізді.

Сонымен қатар, шара барысында «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев және қоғам белсендісі Ғазиз Ғабдуллин кент тұрғындарын перрон құрылысының аяқталуымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

Одан әрі салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Айта кетейік, перрон аумағында салынған әкімшілік ғимаратта әжетхана, қойма және кішігірім асхана орналасқан. Сонымен қатар, вокзал аумағында жаңа врусчаткалар төселіп, кәсіпкерлер үшін арнайы 30 дана дүңгіршектер қойылған.

Ботакөз Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT