Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетовтің қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХII сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, кент, округ әкімдері мен бөлім басшылары және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Алдымен аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мекеме басшылары мен депутаттарды “Атырау облысы мәслихаттарына 30 жыл” мерекелік медалімен марапаттады.
Әрі қарай, отырыстың күн тәртібінде 2025-2027 жылдарға арналған Мақат ауданының бюджеті туралы және өзге де мәселелер қаралды.
Сессия отырысының соңында күн тәртібіндегі мәселелер боиынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімі қабылданды.
Ә.Қасым