Бүгін аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Аудан әкімі Азамат Мәмбетовтің төрағалығымен өткен комиссия отырысында халықтың мақсатты топтарына жүргізілген ақпараттық-насихаттық жұмыс нәтижелері, жасөспірімдер мен жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру, экстремизм мен терроризмнің қатерін түсіндіру және мәдениет, спорт саласындағы шараларға бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуы, әлеуметтік тапсырыс бойынша атқарылған жұмыстар, комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген отырыстар хаттамаларының орындалысы, сонымен қатар, комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау мәселелері қаралды.
Аталған мәселелер төңірегінде баяндамашыларға сұрақтар қойылып, атқарылған жұмыстар есебі талқыланды.
Жиын соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы қаралған мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, өз бақылауында болатынын жеткізді.
Ботакөз Асхатқызы
Суреттер автордікі