Мақат ауданы Мақат кентінде №1, №2, №3 және “№4 кәріз сорғы станцияларында күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстар кәріз жүйесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мердігер мекеме - «Жанибек-Айдос» ЖШС.
- 1974 жылы салынған бұл кәріз айдау станциясының ішкі шахталары, электр желілері, кәріз және су құбырлары істен шығып, біраз қиындық туғызған болатын. Қазіргі таңда станциялардағы сорғы қондырғылары мен инженерлік желілер толық жаңартылып, автоматтандырылған басқару жүйелері орнатылуда. Электр желілері де қайта жабдықталады,- деді Мақат аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрболат Булеков.
Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жоба толық аяқталған соң тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсарып, төтенше жағдайлардың туындау қаупі төмендемек.